Саяси сахна

Әшімбаев: Қырғызстанның 100 миллион доллар көмектен бас тартуға құқығы бар

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Астана бөліп отырған 100 миллион доллар көмектен бас тарту шешімін қарастыруға Қырғызстанның құқығы бар, дейді парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.



Айта кетсек, Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Енді келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат жалпы Жогорку Кенештің жалпы.отырысына шығарылады.


"Халықаралық тәжірибе аясында, әрине, кейбір жағдайларда келісімнің күшін бір тараптан жоюға болады. Бірақ, жалпы алғанда, деносация – тараптардың өзара келісімі арқылы жүзеге асырылатын процесс", — деді Әшімбаев БАҚ өкілдеріне.

Депутат Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапынан ресми ақпарат алмағанын айтып өтті.


"Егер Қырғызстан ондай шешім шығарып жатса – бұл олардың құқығы. Әрине, олар елі үшін не жақсы екенін, көмек керек пе, керек емес пе – өздері шешеді", — деп түйді сөзін Әшімбаев.


Қазақстан биыл шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанның Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды.


Sputnik




 




Көрілген: 836    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.10.2017, 19:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31