Саяси сахна

Атамбаев Қазақстанмен қарым-қатынасын айтып, Путинге шағымданды

  • © Коммерсант

    © Коммерсант

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей Федерациясы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектесуі керек деп санайтынын айтты.


Бұл туралы ол елді басқарғанына алты жыл толуына орай өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, - деп жазады РИА Новости.


"Өздеріңіз білетін боларсыздар, жақында мен Ресей президенті Владимир Владимирович Путинмен кездестім. Оған ашық түрде "сіздерге Еуразиялық экономикалық одақ керек болса, оны бұзып жатқандардың ісіне араласпай осылай отыра беруге болмайды" деп айттым", - деді Қырғызстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты реттеу туралы сұрақтарға жауап бере отырып.


Айта кетейік, осыған дейін Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін президент сайлауына араласып жатыр деп айыптаған болатын. Соған байланысты Қазақстан Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейткен еді. Нәтижесінде шекарадан өтетін азаматтардың саны 2,5 есеге қысқарған болатын.


Бірақ 10 қарашада Қырғызстан билігі Қазақстан тарапы жүк бақылауында көп шара қолданып жатқаны туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Қазақстан премьері Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанмен шекарадағы қатаң бақылаудың Бішкекке қарсы емес, керісінше, контрабанда көлемін қысқартуға бағытталғанын мәлімдеді.


Кейінірек 24 қарашада өз қызметіне кірісетін Сооронбай Жээнбеков соңғы уақытта Қазақстанмен болып жатқан қарым-қатынастағы мәселелердің уақытша екеніне және оның барлығы жақында шешілетініне сенімді екенін мәлімдеген болатын.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 685    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 20.11.2017, 13:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31