Саяси сахна

Атамбаев «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын алды

  • Атамбаев «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын алды

    Атамбаев «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын алды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен қатар «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен-ақ Атамбаевты марапаттауға уәде беріп, басшылық қызметтегі жетістіктері үшін ризашылық білдірген еді. Осыдан кейін Атамбаев көзіне жас алған.


"Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, халық бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, Қырғыз Республикасының тұрақты дамуына берік негіз қалағаны үшін, сондай-ақ көрсеткен саяси ерік-жігері мен батылдығы үшін Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі", — делінген хабарламада.


23 қарашада ұлықтау рәсімі барысында «Ата Мекен» фракциясының депутаты Сайдулла Нышанов Атамбаевқа Қырғыз Республикасының Батыры атағын беруді ұсынған.


«Қамшы» сілтейді




Көрілген: 1001    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.11.2017, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31