Саяси сахна

Атамбаев ұсынған жаңа мереке Ресейдің ашуын келтірді

  • © Sputnik Кыргызстан

    © Sputnik Кыргызстан

Атамбаевтың ұсынған жаңа мерекесі ресейлік тарапқа жақпай қалды. ЛДПР қырғызстандықтарға ұлттық жүргізуші куәлігімен Ресейде емін-еркін жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


ЛДПР өкілі Игорь Лебедев Қырғызстан азаматтарына Ресейде ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік басқаруына тыйым салуды парламентке ұсынуға ниетті екендерін жеткізді.


Айта кетерлігі, шілде айында Ресей президенті қырғызстандықтарға өз жүргізуші куәлігімен Ресейде емін-еркін көлік басқаруына рұқсат берген болатын.


"Бұған тек саяси тұрғыдан рұқсат етілген еді. Себебі Қырғызстанда орыс тілі екінші ұлттық тіл секілді. Алайда қазір қырғыздар Қырғызстанның Ресейге қарсы шыққан күнін ұлттық мереке еткенін көріп отырмыз", - дейді Лебедев.


Ол бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа қаяу түсіретінін, сол себепті саяси тұрғыдан қырғыздарға жеңілдік берудің қажеттілігі болмай қалғанын алға тартты.


Еске салсақ, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Ресейдің мемлекеттік думасы Қырғызстан азаматтарына өз жүргізуші куәлігімен Ресейде жүргізуші болып жұмыс істеуіне рұқсат ететін заңды мақұлдаған болатын.


Ал 26 қазан күні президент Алмазбек Атамбаев 7-8 қазан күні "Тарих және ата-баба естелігі" күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойған. 




Көрілген: 1589    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.10.2017, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31