Саяси сахна

Әйтімова: Сіздер депутаттарды сынағанды жақсы көресіздер, ал оларды кім сайлады?

  • Әйтімова: Сіздер депутаттарды сынағанды жақсы көресіздер, ал оларды кім сайлады?

    Әйтімова: Сіздер депутаттарды сынағанды жақсы көресіздер, ал оларды кім сайлады?

Сенатор Бірғаным Әйтімова лайықты депутаттарды сайлауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айта кетейік, кеше Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыратын ұлттық комиссияны құруға жарлық берген болатын. Ал Бірғаным Әйтімованің айтуынша, депутаттардың санасын жаңартудың қажеті жоқ. "Депутаттардың сана-сезімі бар, санасы жоқ депутаттар бізде жоқ. Бізге алға қарай жылжу керек, өз мүдделерімізді батылырақ қорғау керек, жалпы еліміздің мүддесін қорғау керек. Депутаттарды сынға алғанды жақсы көресіздер, ал енді мен сіздерге бір сұрақ қояйын: оларды кім сайлады сонда? Сайлаушылар сайлады ғой. Сіздер сенаторларды мәслихат арқылы сайлайсыздар - міне, сіздерге. Онда лайықты болатын адамдарды сайлаңыздар. Меніңше, халық лайықты депутаттарды сайлады", - деді Бірғаным Әйтімова. Сенатордың айтуынша, ұлттық комиссияның басты мақсаты - тек жастардың патриотизмін емес, бүкіл халықтың патриотизмін дамыту. "Меніңше, әрбір адамның өз Отаны үшін жауапты екенін сезіну, адамгершілік, адалдық, адами құндылықтарды сезгені маңызды. Осының барлығын қайтару керек", - деді депутат. Еске сала кетейік, осыған дейін депутат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға қара киімге тыйым салуға қатысты ұсынысына қатысты пікірін білдірген болатын.




Көрілген: 371    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 14:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30