Саяси сахна

Азия медиа диалогына шетелдік хабар тарату бірлестіктерінің 100-ден аса өкілі қатысады

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

«Азия медиа диалогы» форумына Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысады. Бұл жөнінде Қазақстаннның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Біздің министрлік пен Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы бірлесіп қолға алған «Азия медиа диалогы» жобасының басталғалы тұрғанын хабарлаймыз. Бұл іс-шарада бірнеше семинар мен конференция өтеді. Талқыланатын басты тақырыптың бірі – телерадиохабар тарату саласын заманға лайық дамыту болмақ. Форумға Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысады», - деген министр қазақстандық медиа менеджерлер мен журналистер аталған ашараны таратуға атсалысатынына сенім білдірді.


Абаевтың айтуынша, телефизия мен радио жоғары технология бойынша әрдайым дамып отыруы қажет және қазақстандық БАҚ бұл үрдістен кенже қалмауы керек.


«Азия медиа диалогы» біздің Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен әзірлеп отырған алғашқы ірі жобамыз болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, бұл одақ коммерциялық емес ірі кәсіби қауымдастық және ол 69 елдегі 292 хабар тарату ұйымының басын біріктіріп отыр. Оның әлеуетті аудиториясы шамамен 3 млрд адамды құрайды», - деді ҚР АКМ басшысы.


Брифинг барысында, Дәурен Абаев қазақстандық телерадиоабар тарату ұйымдарының жетістіктеріне тоқталып өтті.


«Бүгінде қазақстандық телерадиоиндустрия да белсенді дамып келеді. Осылайша, Қазақстанда 200 астам телерадиоарна тіркелген, аналогты цифрлық-кабельдік хабар тарату желілері сәтті жұмыс жасауда, қазіргі уақытта министрлік цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр және өз контентін шетелде сату бойынша отандық телеарналар табысты шараларды іске асырды», - деген министр сөз соңында ағымдағы жылдың қыркүйек айында ведомство Astana Media Week шарасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.


 


 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31