Саяси сахна

Бабанов қырғыз елінің жаңа басшысына ашық хат жазды

  • Бабанов қырғыз елінің жаңа басшысына ашық хат жазды

    Бабанов қырғыз елінің жаңа басшысына ашық хат жазды

Қырғызстан президенттігіне экс-үміткер Омурбек Бабанов Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ол Facebook желісіндегі парақшасында жаңа президентті қызметімен құттықтады.


"Мұнымен қоса, өз атымнан біздің халқымыздың сенімі мен үміті жайлы айтқым келеді. Сооронбай Шәріпұлы, бүгін сізге үлкен тапсырма берілді - Алмазбек Шәршенұлы Атамбаев негізін қалаған елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты жалғастыру. Халқымызды гүлдендіріп, Қырғызстандағы демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізін дамыту", - деп жазды Омурбек Бабанов.


Сондай-ақ, ол Қырғызстанның бірлігі мен бүтіндігі - халықтың ең басты құндылығы екенін айтып өтті.


"Мен Қырғызстан халқы адал, әділетті және азаматтарға таңдау еркіндігін беретін басшыны қолдайды деп сенемін. Ал біздің Қырғызстан өзінің заңын ұлықтай алатынын көрсете отырып, өзімізде және әлемде үлгі тұтарлық мемлекетке айналады", - деп жазды Омурбек Бабанов.


Айта кетейік, бүгін, 24 қарашада Сооронбай Жээнбеков ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті.




Көрілген: 1184    Пікірлер: 0

жұма, 24.11.2017, 18:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31