Саяси сахна

Бақытжан Сағынтаев Атыраудағы индустриялық мұнай-химия технопаркінің жұмысымен танысты

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағына барып, онда полиэтилен өндіретін зауытпен және газ турбиналы электр стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты.


Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақ аумағында 15 қатысушы тіркелген. 1 сәуірдегі жағдай бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 339 млрд теңгені, оның ішінде жеке инвестициялар — 269,8 млрд теңгені құрады. 1 300 астам жұмыс орны ашылған.


Бақытжан Сағынтаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Polymer Production зауытын тексеру барысында зауыттың жылына шамамен 15 мың тонна полипропилен жабынын шығаруға мүмкіндік беретін технологиясымен танысты. Өндірісте 371 адам жұмыс істейді. Өткен жылы 2,2 млрд теңгеге өнім сатылды.


«Полимер Продакшн» ЖШС басқарма төрағасы Азамат Жүсіповтың айтуынша, бүгінгі таңда зауыт полиэтилен жабынын, биаксиалды–бағытталған полипропилен жабынын, әртүрлі қаптама түрлерін, сондай-ақ сыйымдылығы 25 және 50 кг болатын полипропиленді қаптар шығарады. Жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінде қолданылатын зауыт өнімдері Қазақстанның барлық өңірлеріне және Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға экспортталады. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына күшті мультипликативті әсер беріп, импортты алмастыруға ықпал етеді.


«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан газ турбиналы электр стансасын аралау барысында «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай жоба АЭА аумағындағы ірі инвестициялық жобаларды 110 Квт электр қуатымен және жоғары қысымды бумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Жобаны іске асыру мерзімі — 2014–2018 жылдар, оның құны — 111 млрд теңге. Зауыт қуаттылығы — 310 МВт, жұмыс орындарының саны — 120.


Анықтама: Атырау облысындағы «ҰИМХТ» АЭА аумағы үш учаскеден тұрады: Қарабатан (базалық мұнай-газ химия өнімдерін: полипропилен, полиэтилен және т.б. шығаратын негізгі өндірістер), Теңіз (газ бөлгіш қондырғы) және Атырау қ. (түпкілікті өнім: пластмасса және резеңке техникалық бұйымдар және т.б. шығаратын шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік паркі).


«ҰИМХТ» АЭА жобасы халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық мұнай-химия өнімдерін жасауға бағытталған. Жобаның бірегейлігі — өндіріс орнында мұнай-химия өндірістеріне мамандар даярланады.


Іске асыру сатысында төрт жоба бар:


KPI Inc. — жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру жобасы. Іске асыру мерзімі: 2017–2021 жылдар;


KLPE — полиэтилен өндіру жобасы.


Karabatan Utility Solutions — ГТЭС газ турбиналы электр стансасын салу. Іске асыру мерзімі: 2016–2018 жылдар;


«Қазхимпродакшн» — жылына 150 мың тонна циклогексан өндіру жобасы. Іске асыру мерзімі: 2017–2021 жылдар.


«KLPE» ЖШС полиэтилен өндіру зауыты Borealis ірі трансұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісімге Елбасының БАӘ-ға осы жылдың 24 наурызындағы ресми сапары аясында қол қойылды. Жоба құны — $2,6 млрд, қуаттылығы — жылына 500 мың тонна полипропилен. 


www.primeminister.kz




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31