Саяси сахна

Бақытжан Сағынтаев Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілеттілікті дамыту, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын ресмилендіру және есепке алудың жүйелік шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.


Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдай, өңірлер және азық-түлік, сусын және жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту жөніндегі сарапшылардың ұсыныстары мен талдаулары қаралды.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды ресмилендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Жоба бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін заңдастыру мақсатында Бірыңғай төлем жүйесін енгізуді қарастырады.


Кеңесте «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және т.б. сөз сөйледі.


primeminister.kz

 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 16:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31