Саяси сахна

Бақытжан Сағынтаев менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты мәліметтер жайлы есеп беруді талап етті.


"Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қазір қоғамда да осы мәселе талқыланып жатыр. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын", деді Премьер-министр Денсаулық министрі Елжан Біртановқа.


Министрдің баяндамасынан кейін Сағынтаев халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеді.


"Бұл мәселе бәрімізді алаңдатып отыр. Әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Штаб жұмысы көпшілік алдында көрсетілуі керек. Әрбір болып жатқан жағдай халыққа түсіндірілуі қажет. Түсіндірме жұмыстарын белсендірек жүргізу керек. Вакцинациялау мәселесіне де жеткілікті назар аударылып жатыр. Маған кәсіпорын директорлары, олардың қызметкерлері вакцинациялаудың қажеттілігі жайлы айтып жатыр. Мұның барлығы жеткілікті түсіндіріліп жатқан жоқ", деді Б.Сағынтаев.


Сондай-ақ, премьер-министр әкімдерден өз өңірлеріндегі жағдайды бақылауға алуды сұрады. Айта кетейік, осыған дейін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірген болатын.


"Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.


Ал мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.


"Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деген еді Біртанов.


Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.


egemen.kz


 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31