Саяси сахна

Бастапқы бас жоспарға бас қатырған Курокаваның жұмысы түзелді

  • Бастапқы бас жоспарға бас қатырған Курокаваның жұмысы түзелді

    Бастапқы бас жоспарға бас қатырған Курокаваның жұмысы түзелді

Естеріңізде болса, кезінде Астана қаласының бас жоспарын сызу жұмысы әлемге әйгілі жапондық сәулетші Кисе Курокаваға бұйырған болатын. Алайда бұл жоспар бүгінгі күні түзетуді қажет етіп отыр. Себебі 2001 жылы бекітілген Астана қаласын 2030 жылға дейін дамыту жоспарында халықтың саны 2010 жылы 490 мың адам болады деп болжанса, 2030 жылы 800 мыңға жетеді делінген. Алайда Кисе Курокава атасы көшпенді қазақтың жаппай қалаға қоныс аударуы (урбанизация. – Авт.) тез жүреді деп ойламаса керек, Астана тұрғындары 490 мыңға 2004 жылы-ақ жетіп қойды. Ал қазірде 700 мыңнан асты. Сондықтан жапондық сәулетшінің жасаған бас жоспарына уақыттың өзі түзету енгіздіріп отыр.

Кеше Астанада түзетулер енгізілген бас жоспардың таныстырылымы өтті. Жобаны Елбасының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты әзірлеген. Бас жоспар­дағы негізгі шарттың бірі – көлік кептелісі мәселесін шешу. Осыған байланысты бас жоспарда әуежайдан вокзалға дейін жеңіл рельсті көліктің түсетіні көрсетілген. Трамвай тәрізді. Тек трамвайдың рельсі жердің бетімен өтетін болса, бұның рельсі жоға­рыда болады. Еш кептеліске ұшырамай, барар жеріңізге тез арада жеткізеді. Орта есеппен тәулігіне 256 мың жолаушы тасымалдайды екен. Бірінші кезеңі 2014 жылы басталады деп жоспарланып отырған мұндай жеңіл рельсті жол құрылысын франциялықтар жүргізбек. Ал бірінші кезеңде жолдың 23 шақырымын салу көзделіп отыр. Бұл – әуежайдан вокзалға тура тартқандағы қашықтық. Келесі кезең­дерде жаңа әкімшілік орталыққа дейін баратындай етеді. Бұлардың бәрін қамты­ғанда жолдың жалпы ұзындығы 68 шақы­рым болмақ.

Бас жоспар бойынша Астанада жалпы аумағы 1000 шаршы метр болатын тағы бір әуежай салынбақ. Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта болады екен. Күніне – 1200 адамға, жылына 7 мил­­лион жолаушыға қызмет көрсетпек. Қазіргі кезде осы әуежайға байланысты екі жоба ұсынылып отыр. Бірі – Астананың шығы­сында (Қарағандыға барар күре жол), екіншісі – батыс (Көкшетауға қарап шығар күре жол) тұсы.

Теміржол торабына келер болсақ, жүк тасымалының пойыздарына арналған вокзал жолаушылар вокзалынан бөлек болады. Сондай-ақ қаланың Қарағанды жолына шығар тұсында тағы бір жолаушылар вок­залын салу жоспарланып отыр екен. Бұлар­дың бәрі қаланың бас жоспарында көр­сетілген.

Бас жоспарда көрсетілген тағы бір ғажайып нысан – жабық аудан құрылысы. Яғни келешекте Астанадан белгілі бір температураны сақтап тұратын, үсті жабылған ауданды көре аласыз. 8-10 мың тұрғынға есептелген жабық қаланың ішінде мектебі, балабақшасы, ауруханасы – бәрі-бәрі болады екен.

Бас жоспар қоғамдық тыңдаудан өтіп, Қалақұрылысшылар одағы мүшеле­рінің, «Атамекен» одағы» мен Құрылыс­шылар қауымдастығы өкілдерінің алдында талқы­ға түседі. Ал ақпанның 15-і күні қала кәсіп­кер­лерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымдардың алдына тартылады.




Көрілген: 962    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.02.2011, 20:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31