Саяси сахна

Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан сөз естіді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында баяндаманы тыңдамай, өз бетімен отыратын министрлерді сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін үкіметтің кезекті отырысында Алматы агломерациясын дамыту мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша оңтүстіктегі мегаполис басшысы Бауыржан Байбек баяндама жасады. Қала әкімі білім және ғылым министрлігінің жайбасарлығынан бас жоспарды бекіте алмай отырғанын айтып шағымданды.


"Бас жоспарға өзгерістер енгізу бойынша. Екі жылдан астам уақыт сейсмикалық микроаудандарға бөлу картасы әзірленуде. Бірақ ол білім және ғылым министрлігі тарапынан әлі қарастырылып жатыр. Бас жоспарды біз осыған байланысты бекіте алмай отырмыз. Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестер тарапынан мәселені тездетуді сұраймыз", — деді әкім.


Байбектің баяндамасынан кейін үкімет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен осы мәселеге қатысты жауап беруді сұрады.


"Ерлан Кенжеғалиұлы, жауап беріңіз. Не себепті кешеуілдеп жатыр? Әкім баяндамасында қаулы жобасы келісуден өтпей жатыр деп айтып өтті, — деді Сағынтаев министрге қарап.


Алайда Сағадиев мырза баяндаманы тыңдамаған болуы керек, Сағынтаевтың не сұрап отырғанын да түсінбей, жан-жағына жалтақтады.


"Баяндаманы тыңдамайсыз ғой… Жарайды, баяндама кім үшін айтылып отыр сонда? Үкіметте не үшін талқылауға саламыз, егер де оның бәрін тыңдамайтын болса", — деп ашуланды Сағынтаев.


Журналистер үкімет отырысынан кейін білім министрінен Алматы әкімінің баяндамасын неге тыңдамағанын сұрады.


"Кітап оқып отырған едім. 6-сыныптың оқулығы, жаңадан шыққан дүниежүзі тарихы", — деп жауап берген Сағадиев Байбектің көтерген мәселесі биыл шешілетінін атап өтті.


 


 




Көрілген: 1020    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31