Саяси сахна

Бердібек Сапарбаев: Қап-қара киім киген қыздарды көрсем, жүрегім ауырады

  • Бердібек Сапарбаев: Қап-қара киім киген қыздарды көрсем, жүрегім ауырады

    Бердібек Сапарбаев: Қап-қара киім киген қыздарды көрсем, жүрегім ауырады

 Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көшеде қара жамылып жүретін қазақ қыздарын көргенде жүрегі ауыратынын айтты. Өңір басшысы ең болмаса етегі ұзын көйлегіне шалынып жүретін кішкентай балалардың тағдырына бей-жай қарамауға шақырды.




Бұл туралы Nur.kz хабарлады.


«Әсіресе біздің қыздарымыз… Кейде көшеде келе жатып қап-қара киініп алған қазақтың қыздарын көргенде жүрегің ауырады.


Жарайды өзі, қасындағы 2-3 жастағы кішкентай бала жүре алмай бара жатады. Себебі, баланың табанына дейін жететін көйлек кигізген. Балаларды ойнатпайды


Бұл XXI ғасырдың балалары, ертең ол балалардың болашағына кім жауап береді? Неге солармен ел болып жұмыс жасамасқа?! Билік жасайды, бірақ бірігу керек.


Тағы бір мәселе балаларды мектепке жібермеу немесе мектеп формасының тәртібін бұзу. Неге мұндай жағдайлар бізде көп? Осыны ойлануымыз керек.


Әрі қарай көбейтпеу үшін не істеуіміз керек?! Балаларға екпе жасатпаудан да Ақтөбеде ең көп адам бар. 2500 бала егілуден бас тартып отыр. Негізінен олардың ата-аналары теріс діни бағытта жүрген адамдар», — деді Бердібек Сапарбаев.


Өңір басшысы жат ағымда жүргендерді тауып берген жұмыстан бас тартатындарын да айтты.


«Бас прокуратурамен қауіпсіздік акциясын өткізудегі мақсатымыз бізге керек емес діндерді қалыптастырмау. Дәстүрлі емес дінде жүрген жастармен жұмыс жасау.


Осы екі жылдың ішінде 530 мыңға жуық адаммен жұмыс жасадық. 16 мыңға жуық адамға нақты көмектер көрсетілді.


Алдағы уақытта да әрқайсысымен жұмыс жасалады. Негізгі міндетіміз оларды жұмысқа орналастыру. Өкінішке орай, көпшілігі жұмысқа орналаспайды», — дейді әкім.


Nur.kz




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 23:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30