Саяси сахна

Бозымбаев орынбасарының ұсталуына байланысты пікір білдірді

  • Бозымбаев орынбасарының ұсталуына байланысты пікір білдірді

    Бозымбаев орынбасарының ұсталуына байланысты пікір білдірді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары мен департамент директорының ұсталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Энергетика вице-министрі мен бірқатар шенеунік парамен ұсталды

"Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директоры ұсталып, қамауға алынды. Әрине, бұл бізге өте ауыр тиді. Дегенмен, менің ойымша, қазіргі уақытта осы мәселе бойынша тергеу органдары мен осы адамдардың адвокаттары ақпарат беруі тиіс. Өз тарапымнан министрлік еш нәрсе білмейтінін, өйткені материалдарды тергеу органдары тәркілегенін айтқым келеді. Біз қазір бұл мәселе бойынша қандай да бір комментарий бере алмаймыз", — деді Бозымбаев бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Айта кетейік, энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен министрліктің департамент директоры Жан Нұрбековке, бұдан бөлек мердігер компанияның тағы екі өкіліне жемқорлық айыбы тағылып отыр. Олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.




Көрілген: 1095    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 15:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30