Саяси сахна

Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

  • © Qamshy.kz

    © Qamshy.kz

Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын",- делінген Қазақстан Президенті Жарлығында.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.


Дархан Калетаев 1972 жылғы 10 қазанда туған, қазақ, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған.


Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын.


 




Көрілген: 882    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.04.2018, 20:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31