Саяси сахна

Дәурен Абаев Алматыдағы форум аясында бірнеше әріптесімен кездесті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыдағы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бірқатар шетелдік әріптесімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпаратминистрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Беларусь Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрі Сергей Попковпен кездесуде тараптар екі елдегі цифрландырудың негізгі бағыттары бойынша салалық ведомстволардың келесідегі өзара ынтымақтастығын талқылады.


Бұдан тыс, министрлер электронды қызметтерді, пошта байланысын, инновациялық технологиялар парктерін дамыту мәселелеріндегі пікірлерін бөлісті.


Дәурен Абаев Өзбекстан Республикасы ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматовпен келіссөздер кезінде Орталық Азияда экономиканы цифрландыру саласындағы екі елдің рөлі артып келе жатқанын айтты.


Д. Абаевтың сөзіне қарағанда, инновациялық орталықтардың, АКТ саласындағы ұйымдардың, жоғары оқу орындарының арасындағы байланыстардың нығаюы трансұлттық компаниялар мен инвесторларды тартуға септігін тигізеді.


Кездесу қорытындыларына орай, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі (Қазақстан) мен «UZINFOCOM» мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және қолдау бірыңғай интеграторы (Өзбекстан) арасында түсіністік меморандумына қол қойылды.


Сондай-ақ, Дәурен Абаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысының орынбасары Малкольм Джонсонды қабылдады. Тараптар Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін қарастырды.


Әзербайжан Республикасының байланыс және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизадемен кездесуде АКТ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.


Айта кетейік, «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылды. Шарада инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалып, басты интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіпті цифрландыру және ауыл шаруашылығының цифрлық трансформациялануы талқыланды.


 




Көрілген: 1199    Пікірлер: 0

сенбі, 03.02.2018, 17:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30