Саяси сахна

Дәурен Абаев жапондық әріптестерімен цифрландыру мәселелерін талқылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Токиоға жұмыс сапары барысында Жапония Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің басшылары, сонымен қатар елдегі жетекші ғылыми-техникалық компаниялардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.


Д.Абаев Ішкі істер және коммуникациялар министрі Сейко Нодамен кездесу барысында ақпарат және коммуникациялар саласындағы екі ел арасындағы байланысты ары қарай дамыту мәселелерін талқылады, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы да бар.


Сонымен қатар, қазақстандық делегация N EC корпорациясының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Аталмыш корпорация - электрондық, компьютерлік техникалар, телекоммуникациялық құрылғылар құрастыратын, сондай-ақ мобильдік және тұрақты желілерге, кеңжолақты және корпоративті жүйелерге, жартылай өткізгіш саласына, IT және интернет құрылғыларға, метеорологиялық жер серіктеріне арналған бағдарламалар жасайды.



NEC корпорациясы Toyota Tsusho компаниясымен бірігіп Қазақстанның теміржол саласында «Neo Face» адам келбетін танитын технологиясын енгізуді жоспарлауда. Йокосука инновация-зерттеу паркінің бас хатшысы (Yokosuka Research Park - YRP) Тетсуя Ясуимен келіссөз барысында YRP-мен Қазақстанда құрылған «Astana Hub» IT-стартап халықаралық технопаркімен ынтымақтастық жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізілді.


Қазақстандықтар Wireless Technology Park - 2018 халықаралық көрмесінде сымсыз технологиялар саласындағы соңғы жетістіктермен танысып, Fujitsu цифрлық трансформациялар компаниясының орталығына барды, сонымен қатар, жапондық Toyota Tsusho алпауыт компаниясының атқарушы директоры М.Акиямамен екіжақты ынтымақтасу мәселелері талқыланды.





 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 18:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31