Саяси сахна

Депутат министрге: беделіңіздің түскені соншалық, өмір бойы қалпына келтіре алмайсыз

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев оңалту орталығы қызметкерлерінің үш-төрт айдан бері жалақы ала алмай отырғанын айтып, денсаулық сақтау министрін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Депутаттың айтуынша, Ақмола облысындағы есірткіге тәуелділер емделіп жатқан оңалту орталығының қызметкерлері өткен жылдан бері жалақы алмаған.


"Мен орталықта өзім болдым. 70 адам емделіп жатыр, 40 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың желтоқсанынан бері бір тиын да ақша алмаған, қарызбен күн көріп жүр. Көмір, солярка, азық-түлік – бәрін қарызға алады. Бұл қалай сонда? Мен мәселені шешуге тырыстым, алайда қолымнан ештеңе келмеді", — деді Косарев мәжілістің жалпы отырысында.


Депутат мұның өте үлкен қателік екенін және бұған тек министр ғана емес, басқалары да кінәлі болуы мүмкін екенін айтты.


"Министрдің денсаулық сақтау қызметкерлері алдындағы беделінің төмендегені соншалық, Елжан Амантайұлы (денсаулық сақтау министрі – автор ескертп.) мұны өмір бойы тоқтата алмайсыз деп ойлаймын. Бұл үлкен қателік, менің ойымша, сіз мұны жалғыз өзіңіз жасаған жоқсыз. Сізге біреу көмектескен, мүмкін сізді пайдаланған шығар", — деді Косарев денсаулық сақтау министріне.


Оның айтуынша, оңалту орталығы жұмысшыларының алдындағы берешек 65 миллион теңгені құрайды.


 


 




Көрілген: 1336    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.04.2018, 13:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31