Саяси сахна

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын тарихи келісімге қол қойды

  • © yonhapnews

    © yonhapnews

Сейсенбі күні Сингапурде АҚШ президенті Дональд Трамп пен солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ын ядролық қарусыздандыру процесін бастайтын бірлескен келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ренхап.


Трамп Киммен болашақта Вашингтон мен Пхеньян арасында қарым-қатынасқа әсер етпейтін «өзгеше байланыс» орнатқанын мәлім етті.


«Солтүстік Кореямен қарым-қатынас бұрынғыдан өзгеше болады», - деді Трамп құжатқа қол қою рәсімінен кейін.


Өз кезегінде, Ким әлемнің үлкен өзгерістерге куә болатынын атап өтіп, «тараптардың өткенді өткен шақта қалдыру туралы шешім қабылдағанын» тілге тиек етті.


АҚШ президенті ядролық қарусыздандыру процесінің таяуда басталатынын уәде етіп, Солтүстік Корея көшбасшысымен қайта кездесуге үміттенетінін білдірді.


Оның айтуынша, кездесу Ақ үйде өтуі мүмкін.


Трамп құжаттағы ақпараттарды айтқан жоқ, бірақ БАҚ-қа арналған брифингте егжей-тегжейлі хабарлайтынын атап өтті.


Ренхап агенттігі атап өтуінше, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы саммит - шынында тарихи оқиға. Бұдан бұрын АҚШ пен Солтүстік Кореяның Сингапурда Сентос курорттық аралындағы Capella қонақүйінде шағын және кеңейтілген форматта кездесу өткізгені хабарланған еді.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.06.2018, 15:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31