Саяси сахна

Экс-президенттің күйеубаласы қызметінен кетті

  • Экс-президенттің күйеубаласы қызметінен кетті

    Экс-президенттің күйеубаласы қызметінен кетті

Қырғыз Республикасының бұрыңғы президенті Алмазбек АТАМБАЕВТЫҢ күйеубаласы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы 24.kg хабарлайды.


Семетей Сұлтанов Қырғыз Футбол Федерациясын 2012 жылдан бері басқарып келген. Ол 2003 жылы Алмасбек Атамбаевтың қызы Динара АТАМБАЕВАМЕН шаңырақ көтерген еді.


«Менің бұл шешіміме басқалардың көзқарасы өзгеше болатынын білемін. Сол себепті, мен бұл қадамға өз еркіммен барғанымды ескертіп өткім келеді. Ертеңгі күнге жаңа жоспар құрып, жаңаша ойлай алатын адамдардың қызмет ететін уақыты келді. Қызметтен кетсем де, қырғыз футболының жанкүйерлері жоғалмайтынына сенемін. Ендігі футболдың дамитынына күмәнім жоқ», – деп мәлімдеді С.Сұлтанов.


Бір қызығы, Қазақстан Футбол Федерациясын бір кездері мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ күйеу баласы, марқұм Рахат ӘЛИЕВ те басқарған болатын. Айтпақшы, Әлиевтің кезінде Қазақстан УЕФА құрамына өтсе, Сұлтановтың тұсында қырғыз футболшылары тұңғыш рет Азия кубогына шыққан еді.


Фото: sputnik.kg


zhasalash.kz




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31