Саяси сахна

Елбасы Астанадағы президенттердің кездесуі туралы: бұл жиынның саяси астары жоқ

  • © Официальный сайт Президента РК

    © Официальный сайт Президента РК

Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Орталық Азия елдері басшылары кездесуінің саяси астары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Қазақстанға қош келдіңіз. Сізді сағындық. Көп шаруалар жасап жатырсыз. Бүкіл көрші елге барып шықтыңыз. Барлығын түзеп жатырсыз", — деді Елбасы Өзбекстанның президентіне.


"Сіздің президент болып келгеніңізге бір жыл ғана болды. Осы уақытта бірнеше рет кездестік. Арамызда айтылған барлық мәселе шешіліп, қойған міндеттер орындалып жатыр. Осы бір жылда сіз өте ауқымды жұмыс атқардыңыз. Көрші елдермен қарым-қатынасты жақсартып, шекара, өзара қатынас, хабар алмасу, сауда-саттық салаларындағы ондаған жылдан бері шешілмей жатқан мәселелерді шештіңіз. Жалпы, барлық дүние басқаша, көңіл-күй де өзгеше", — деді Назарбаев.


Елбасы Мирзиеевтің Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының консультативтік кездесуін өткізу туралы идеясына қолдау танытқанын атап өтті.


"Құдай қаласа, бүгін бүкіл әріптестерімізбен, бауырларымызбен кездесіп жатырмыз. Бізде басқа мақсат жоқ, бұл кездесудің саяси мән-мағынасы жоқ. Бұл кездесу көрші елдердің арасындағы түрлі саладағы мәселелерді шешуді көздейді", — деді президент.


Айта кетейік, бүгін Астанада Орталық Азиядағы мемлекеттер – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттерінің жұмыс кездесуі өтеді. Түрікменстаннан меджіліс төрағасы Акджа Нұрбердыева қатысады.


 


 




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.03.2018, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30