Саяси сахна

Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады

  • Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады

    Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына азаматтық қоғамдағы қазіргі ахуал мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсынылды.


Елбасы министрліктің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті.

–  Жаңа министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды, істеп жатқан шаралар үшін, саяси бақылау үшін және ішкі жағдайды тұрақтандыру үшін, халыққа түсіндіру үшін. Біздің жүргізіп жатқан саясат – барлық дінге бірегей қарау. Сол жайында қандай жұмыстар жасалып жатқанын баяндауға шақырдым – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан Президентіне діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.


– Аса құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы. Министрлік 1 жыл жұмыс істейді. Сіздің жарлығыңызбен үш басты бағыт бекітілді. Ол – дін саласы, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу және жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2 жобаны жүзеге асыру және қайырымдылық қызметін үйлестіру. Жалпы айтқанда қоғамымызда осы үш бағытта мемлекеттік саясатты халықтың қолдау деңгейі жоғары. Яғни дін саласында халықтың 87 пайызы мемлекеттің саясатын қолдайды. Азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу саласында 60 пайыз, ал жастар саясатында 75 пайыз мемлекеттің саясатын қолдап отыр, - деп баяндады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.


Президент министрліктің жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30