Саяси сахна

Елбасы Үкіметтің өткен жылғы жұмысына оң баға берді

  • © Forbes.kz

    © Forbes.kz

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер кабинетінің өткен жылғы жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


«Жылдың басында алдымызда тұрған мақсаттарды анықтап, тиісті сұрақтарды бір-бірімізге қойып, жұмыс істеуді бастау үшін бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізгелі отырмыз. Облыстардың әкімдері қатысуда. Өздеріңіз білесіздер, қаңтарда өткізген Үкіметтің жиналысында былтырғы жылдың қорытындысы жарияланды, айтылды. Шынын айту керек, өтен жыл оңай болған жоқ. Дүниежүзінің экономикасы да аумалы-төкпелі болды. Біздің де жағдай әртүрлі болды. Дегенмен, Үкімет мен әкімшіліктердің бірлесіп істеген жұмыстарының арқасында менің бағалауым бойынша дұрыс нәтижеге жеттік», - деді мәжілісті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев.


Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық өсімі өткен жылдың қорытындысында 4 процентті құрап, инфляция 7 процент төңірегінде болғанын еске салды.


«Бұл біз үшін алынған жаңа белес болып саналады. Сондықтан бұл жағынан мен Үкіметтің жалпы жұмысына, әрбір Үкімет мүшелеріне оң бағамды бергенім дұрыс деп санаймын. Халық та солай деп ойлайтын шығар. Дегенмен, әр уақытта жетістіктерімізге тоқмейілсіп отыра бермейміз. Алдымызда мақсаттар көп, бағдарламалардың орындалуының ішінде кемшіліктер бар. Оны әрине айтатын боламыз», - деді Қазақстан Президенті.


Сондықтан Елбасы бүгінгі мәжілісте өткен жылдың қорытындысы халыққа тағы бір рет жария етіліп, Үкімет алдында тұрған міндеттер айқындалатындығын баса айтты.


«Биылғы Үкіметтің алдына қойып отырған 4 пайыз аз болады. Одан төмен түсіп кетуіміз де мүмкін. Сондықтан өзіміз алдымызға одан жоғары міндеттер қоюымыз керек. Оның ішінде бағдарламалардың орындалу мәселелері бар, олардың арасында кемшіліктер де жоқ емес. Сондықтан осы мәселелер төңірегінде жұмыс істейтін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


 




Көрілген: 1918    Пікірлер: 45

жұма, 09.02.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30