Саяси сахна

Елбасының төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша кеңес өтті

  • Елбасының төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша кеңес өтті

    Елбасының төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша кеңес өтті

Таяуда Ақордада Елбасының төрағалығымен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі кеңес өтті. Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында заңның үстемдігін қамтамасыз ету керектігін айтып, осы бағыттағы дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды. Президент сондай-ақ тергеу жүргізу тәртібін жеңілдетіп, сотқа дейінгі сатыларда сот бақылауын күшейту қажеттігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: -Қабылданған ұлттық жоспар бойынша, 5 бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз, «100 қадамды» іске асырып жатырмыз. Осы жылдардың ішінде экономиканы модернизациялау, саяси модернизациялау жөнінде көп шаруалар іске асырылды. Соның ішіндегі ылғи айтып келе жатқанымыз – құқық қорғау мәселесі. Адамдардың құқығын сақтау. Жұмыс барысында барлық біздің органдар бірігіп, жұмыс істеген кезде халықтың наразылығын тудырмайтын заң бойынша жұмыс істеп, тексеру мәселесін жеңілдетіп, бірақ заң шеңберінде жұмыс істеуіміз керек.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы, Жоғарғы сот және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалары, еліміздің Бас прокуроры мен Ішкі істер министрі бастаған бірқатар құзырлы орган өкілдері қатысты. Жиын соңында оларға Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.



Көрілген: 780    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 10.08.2017, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31