Саяси сахна

Елордада Астана клубының үшінші отырысы өтті

  • Елордада Астана клубының үшінші отырысы өтті

    Елордада Астана клубының үшінші отырысы өтті

Келелі жиынға Мемлекет басшысы қатысып, күрмеуі күрделі жаһандық мәселелерді сөз етті. Айтып қана қоймай, шешу жолдарын ұсынды.


Басқосуда әлемдік терроризм, әскери шығын көлемінің ұлғаюы, күн санап артып бара жатқан келімсектер мәселесі көтерілді. Биылғы жиын «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» тақырыбы аясында өрбіді.


Биылғы Астана клубының үшінші отырысында әлемнің 29 мемлекетінен келген 60-тан аса тіс қаққан саясаткер мен аузы дуалы сарапшылар бас қосты. Барлығы – саяси элита өкілі. Бірі кезінде ел басқарса, енді бірі қазір билік басында жүр. Жұмыстары тығыз. Бірақ бір сәт уақыт тауып, елордаға арнайы келді. Себебі Еуразия аймағындағы күйіп тұрған мәселелерді жалғыз шешу мүмкін емес. Ол үшін сенімді пікірталас алаңы бар.


Келелі отырысқа Елбасы қатысты. Қазақ көшбасшысы алдымен жаһан жұртын алаңдатқан терроризм мәселесіне тоқталып, соңғы жылдары әскери шығынның ұлғайып кеткенін айтты.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Рост милитаристских настроений, гонка вооружений, возрождение угрозы применения ядерного оружия. Многие годы и десятилетия остаются в активной фазе военные действия на Ближнем Востоке и в Африке. В подвисшем состоянии находится ситуация в Афганистане, Ираке, Украине, Нагорном Карабахе. Рост глобальной напряженности повышает спрос на вооружение. Военные расходы в очередной раз выросли в прошлом году и составили 1,7 трлн долларов США или 2,2% мирового ВВП. США увеличили свои военные расходы до 611 млрд долларов, Китай – до 215 млрд долларов, Россия – до 69 млрд, Индия – до 56 млрд, и это большая часть всего национального дохода этих стран.


Еліміз Ауғанстанға барынша гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Ал Сириядағы шиеленісті реттеу үшін ортақ үнқатысу алаңын ұсынды. Астана процесі мәселені түбегейлі шешпесе де, ондағы ахуалдың біршама тұрақталуына ықпал етіп келеді. Бұған қоса Солтүстік Кореядағы жағдай да жер шарын алаңдатып отыр. Осыған мән берген Елбасы қазір әлемнің кез келген бұрышында соғыс оты тұтана салуы лезде екенін айтты. Бұл – тұтастай Еуразия кеңістігі үшін үлкен қауіп.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Катастрофические масштабы обрел международный терроризм. Для него не существует границ. Сегодня любая точка земного шара может стать объектом разрушительных ударов. С начала третьего тысячелетия число терактов, количество погибших выросло в 10 раз. В 2016 году теракты произошли в 104 странах – это более половины мира. То есть по географии и масштабам мы находимся условно, фактически в третьей мировой войне против террора. Причем теракты смещаются от развивающихся стран в развитые.


Тығырықтан шығар жолды Елбасы өзінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ашып көрсетті. Әлемде төртінші ядролық держава бола тұра, қауіпті қарудан бас тартқан қазақ көшбасшысының мұндай сенімді мәлімдеме жасауға толық құқығы бар. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап, бейбіт өмірді қолдады. Себебі бейбіт елде сән бөлек, бүлінген елде дау бөлек.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Мы пытаемся привнести в мир то, чего ему в последнее время так не хватает: объединения, сплоченности, толерантности для решения глобальных задач. Казахстанской дипломатии присуща философия диалога, компромисса и взаимовыгодного партнерства. Это видно на примерах посреднических усилий по Сирии, антиядерных инициатив, вклада в диалог между культурами, выработка социально-экономических повесток дня.


Халықралық күн тәртібінде тұрған тағы бір мәселе – су тапшылығы. Қазір жер шарында тіршілік нәріне зәру мемлекеттер аз емес. Бұл жағдай Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжалға себеп болды. Бұған қоса келімсектер проблемасы әлем елдерінің бас ауруына айналды. Қазір дамыған мемлекеттерде халық саны 1 млрд адам болса, дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 6,5 млрд-қа жетіп жығылады. Яғни демографилық тепе-теңдік жоқ. Адамзат тарихында бұрын-соңды мұндай өсім байқалмаған.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- В последние 25 лет количество международных мигрантов увеличилось вдвое и сегодня превышает 2,5 млрд человек. При этом доля мигрантов в развитых странах выросла с 5% до 10%, по данным МВФ. Из них порядка 66 млн беженцев и нелегальные мигранты – данные ООН. Люди массово перемещаются, в основном опасаясь нищеты и войн. Это влечет просто социальной напряженности, преступности и безработицы. Потоки мигрантов из Ближнего востока и Африки застали врасплох Европу, спровоцировав социально-политические кризисы, национально-популистические и откровенно ксенофобские настроения. В то же время содержание беженцев в таких странах, как Ливан, Иордания и Турция, обходится от полутора до 3% ВВП этих стран.


Қара алтын бағасының күрт төмендеуі, ұлттық валюталардың құлдырауы, өзара санкциялар жаһандық экономиканың дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Бірақ шешілмейтін мәсле жоқ. Оның үстіне қазір құр байбалам салатын уақыт емес. Осындай диалог алаңында экономикалық өсімге қол жеткізетін жаңа мүмкіндіктерді қарастыру керек. Оның шешімін де Елбасы ұсынды.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Реализация инициатив «Один пояс – один путь», ЕАЭС, ШОС, программа «Нұрлы жол» и других проектов способна создать принципиально новую геоэкономическую конфигурацию Евразийского континента. А более обширное сопряжение с ЕС и АСЕАН имеет огромный потенциал для рывка и развития как большой Евразии, так и мира в целом. Я думаю, что развитие человечества, именно субконтинент Европа-Азия, сотрудничество между собой, торгуя между собой, могут рассчитывать на развитие. К примеру, за последние два года впервые осуществлены прямые ж/д поставки из Китая в Афганистан, Иран, Великобританию. Всё это позволяет по-новому позиционировать евразийский регион в глобальном контексте. Я убежден, что будущее за широкой интеграцией на основе равноправия, взаимного уважения, соблюдения принципов международного права.


Ал сауда-саттықты жандандырып, экономикалық өсімге қол жеткізуге Еуразиялық экономикалық одақ септігін тигізіп келеді. Сөзге дәлел, биыл 9 айда Экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда айналымы 1/3-ге артқан. Қазір Иран, Мысыр, Үндістан мен Израиль және Оңтүстік Корея елдерімен еркін сауда аймағын құру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұған 50 мемлекет қызығушылық білдіргенін жеткізді. Халықаралық сарапшылар да Қазақстанның әлеуетін жоғары бағалап отыр. Еліміз Орталық Азиядағы трансконтиненталды дәліз ретінде мемлекеттер арасындағы алыс-берісті арттыруға ықпал ете алады.


Абдулла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті:


- Экономикалық өсім мен мұнай өндіруден түсетін дивиденттерді дұрыс пайдаланып логистиканы жүйелі жүзеге асырудың арқасында Қазақстан маңызды экономикалық хабқа айналды. Мемлекеттің құрылған кезінен бастап қабылданған шешімдер елдің қазіргі даму жолында маңызды рөл атқарады. Мен өз баяндамамда Қазақстанның Азяидағы даму мен гүлдену орталығына айналу жайына тоқталдым.


Серік Бейсембаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:


- Бұған дейін өткен 2 форум өзінің тиімділігін дәлелдеді. Себебі келіссөздердің нәтижесінде айтылған ойлар түрлі алып державалар бар. Жалпы осы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттер бар, олардың басшылықтары өз назарына алып жаңа бастамаларға жол ашылды.


Кіл мықтылар алдағы онжылдықта еуразиялық кеңістікті қалыптастыратын геосаяси, аймақтық, экономикалық және технологиялық трендтерді сөз етті. Бірлесіп жаһандық мәселелердің шешімін іздеді.


Назерке Әбдірахманқызы, тілші:


- Бүкпесіз ой, ашық пікір алаңына айналған Астана клубының отырысы осымен 3 жыл қатарынан өтіп отыр. Бастысы бұл алаң күрмеуі күрделі түйткілдердің тек айтылып қана қоймай, іс жүзінде іске асуына септігін тигізіп келеді. Сондықтан болар жыл сайын тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, «мен» деген саяси элита өкілдері Астанаға келіп, тұщымды ойларын ортаға салады.


 24.kz




Көрілген: 263    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 20:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30