Алаш баласы, айнаңа қара!

бейсенбі, 27.04.2017



Саяси сахна

Елорданы су басады деп қауесет таратқандардың басын жұлып алар едiм - Божко

  • Елорданы су басады деп қауесет таратқандардың басын жұлып алар едiм - Божко

    Елорданы су басады деп қауесет таратқандардың басын жұлып алар едiм - Божко

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлiгiн 10 жыл бойы басқарған экс-министр Владимир Божко елiмiздiң су басқан өңiрлерiнде «үлкен жұмыс атқарылып жатыр» дейдi. Бұл жайында ол Мәжiлiс отырысынан кейiн журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


Божко тiлшiлердiң «бұған кiм кiнәлi?» деген сұрағына «табиғат» деп жауап қатты. Депутаттың айтуынша, соңғы үлкен апат болған 2004 жылғы кезбен салыстырғанда су көлемi биыл 50 пайызға артық болды.


«Осындайда табиғатқа қарсы шығу қиын. БҰҰ мәлiметiне сәйкес, алдағы уақытта климаттың өзгеруiне байланысты төтенше жағдайлар саны артып отырады. Сондықтан, бұнда адами емес, табиғи факторлар орын алды. Дегенмен, инженерлiк жұмыстарды күшейту керек. Биылғы жағдай шынымен қиын болды. 10 жыл төтенше жағдайлар министрi болсам да, осындай қар көлемi есiмде қалмапты. Талдаулардың бiрiнде, қазiргi таңда климаттың жылынуына байланысты ендi қыста қар мол түсiп, жазда құрғақшылық болады делiнген. Ал мол түскен қар еридi әрине. Яғни, су тасу да жиiлейдi», - деп болжады Владимир Божко.


Сондай-ақ, Божко ҚР IIМ министрi Қалмұханбет Қасымовтың елордаға 10 метрлiк толқын келедi деп ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық iс қозғағанын естiгенiн айтты.


«Бұл қылмыс деңгейiндегi жалған ақпарат. Қазiр барлық жерде процесс жақсы жүрiп жатыр. Су қоймаларынан су жiберу азайтылып, бөгет қаланы қорғап тұр», - дедi экс-министр.


Сондай-ақ, ол Астанадағы 40-стансадағы жағдайға тоқталды. Божконың айтуынша, аталған стансада бiраз су жиналған.


«Вячеславка» су қоймасынан су көп жiберiлдi. Сондықтан, стансаның оң және сол жақтарының жағалауларын су басқан болар. Ал Астана толық қорғалған. Мен осындай қауесет таратқандардың басын жұлып алар едiм. Қазiр бөгет жұмысы реттелдi, қала бойынша су өткiзу деңгейi ұлғайтылды», - дедi Божко.


Атап өтсек, елiмiздiң Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай мен Ақмола облыстарын су басып жатыр. Тiптi елорда iргесiндегi бiрқатар елдi мекенге де су кірген. Осыған қатысты депутат Владислав Косарев Мәжiлiс отырысында Үкiмет пен жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын сынға алған болатын.


Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ


baq.kz



Көрілген: 126    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.04.2017, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 18:32
    Тарихи таңдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30