Саяси сахна

Энергетика министрлігі вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

  • Энергетика министрлігі вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Энергетика министрлігі вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі мәлімдегендей, вице-министрдің ұсталуына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу жүргізуіне жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Қазақстан энергетика министрлігі вице-министр Ғани Сәдібеков пен қалдықтарды басқару департаментінің директоры Жан Нұрбековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді.


Бұдан бұрын хабарланғандай, энергетика вице-министрі ірі көлемде қаражат қымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.


"Министрлік жүргізіліп жатқан жедел шараларға қатысты нақты ақпарат білмейтінін мәлімдейді. Мәселе толығымен әділетті түрде шешілуі үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жан-жақты көмек көрсетіліп, сұратылған материалдар еш кедергісіз ұсынылып отыр", — деп пікір білдірді ведомство.


Энергетика министрлігі құзыретті органдар нақты шешім шығармайынша қандай да бір дәйексіз қорытынды айту орынсыз деп санайды.


Дегенмен, ведомство атап өткендей, министрлік өз қызметінде елдегі жемқорлыққа қарсы күрес шараларына жүгініп, оның кез келген түрін қатаң айыптайды. 


sputniknews.kz




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

сенбі, 03.03.2018, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30