Саяси сахна

Ердоған президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді

  • © 24.kz

    © 24.kz

Түркияның кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.


Мемлекеттік Анадолы агенттігінің мәліметі бойынша саяси науқанға халықтың 87 пайызы қатысқан.


Президент сайлауында қазіргі Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,5 процент даусын алып, жеңіске жетіп отыр.


Ал оның оппозициялық партиядан басты қарсыласы Муар-ремИндже 30,6 пайызбен екінші орынға жайғасты.


Түркия Ұлы ұлттық мәжілісіне сайлауға түскен 8 саяси партияның тек 5-уі ғана 10 пайыздық межені бағындырып, парламентке өтті.


Алайда атқарушы биліктің Әділет және даму партиясы мәжілістегі басымдығынан айырылып қалды. Сондықтан ол жаңа үкіметті Ұлттық қозғалыс партиясымен бірігіп, «Халықтық одақ» аясында ғана жасақтай алады. Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшісі Ержан Жүніс хабарлады.


Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:


- Сайлаудың бейресми нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, халқым президенттік міндетті маған сеніп тапсырды. Оған қоса «Халықтық одаққа» және «Әділет және даму» партиясына мәжілістегі басымдықты беріп, үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.


 24.kz




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30