Георгий лентасы қайдан шықты?

Георгий лентасы қайдан шықты?

Соңғы жылдары 9 мамыр жақындаса бітті, жер әлемді Георгий лентасы басып қалатын болып жүр. Қоғамның кейбір өкілдері «колорадо қоңызына» ұқсататын бұл белгі нені білдіреді? Бұл белгібаудың түп-тарихын білеміз бе? Украинадағы саяси шиеленіс кезінде «Георгий лентасы» сепаратизмнің басты белгісіне айналғаны рас па? «Алаш айнасы» ой жүгіртіп көрген еді.
Георгий лентасын әлемге жаппай тарату шарасы 2005 жылы жеңістің 60 жылдығына орай Ресейде басталғаны белгілі. Сол жылдан кейін бұл шараны Ресей билігі дәстүрге айналдырып үлгерді. Бұл дәстүр 2008 жылы рекорттық көрсеткішке қол жеткізіп, Ресей, Грузия, Абхазия, Беларусь, Украина, Греция, Франция, Италия, Эстония, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Молдавия, Әзірбайжан, Қытай, Вьетнам, Бельгия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан бастаған әлемнің 30-дан астам елінде таратылды. Сол жылы Георгий лентасын таратушылар  24 сәуір мен 12 мамыр аралығында 50 миллионға жуық лента үлестіргендерін мақтанышпен айтқан болатын-ды. Ал, биыл бұл көрсеткіш 100 миллионға жететіні туралы ақпараттар бар.
Қош! Әлем саясаткерлері Ресейдің осы біржапырақ лентасын империялық саясаттың жанданып келе жатқанына балайды. Оған бірнеше деректерді мысалға келтіреді. Оның біреуін ғана айталық. Мәселен, Қырымда, кейіннен Украинаның шығысында орын алған саяси шиеленіс кезінде федерализацияны қалайтындар мен Украина тұтастығына қауіп төндірген сепаратистер осы лентаны тұмар еткені белгілі. Неге? Өйткені, бұл белгінің тарихы империялық дәуірден басталады.
Нақты деректерге назар аударыңыз. Георгий лентасы XIX ғасырда пайда болды. 1806 жылы орыс армиясында Георгий марапат жалаулары енгізілді. Жалаудың басында Георгий кресті бейнеленіп, оның жоғарғы жағына қара және сары түсті Георгий лентасы (дәл қазіргідей) байланды. 1878 жылдан бастап бұл лента «Георгий лентасы» аталды. Тіпті, орыстар бұл белгіні христиан дінінің сеніміне сәйкестендіріп, ең қасиетті медаль дәрежесіне дейін көтерді. Бұл осы кезеңнен бастап, Патшалық Ресейдің рухын асқақтатар әскери ең жоғарғы наградаға айналды. 1917 жылдан бастап, Кеңес үкіметі бұл белгіге түпкілікті тыйым салды. Тек 1992 жылдан бастап, Ресейде Георгий орденін беру қайта жандана бастады. Тағы да тарихты ақтарсаңыз, Патшалық Ресей тұсында осы Георгий орден-медальдарымен біздің елдегі казактар марапатталып отырғанын көресіз. Ал, сол казактардың дені қазақты қалай қырғаны, қандай қасірет әкелгені бәрімізге белгілі.
Рас, бұған дейін бұл ленталар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің атрибуты санала бастап еді. Бірақ, империялық сана дүниеге әкелген лентаға әлем Қырымдағы жағдайдан кейін басқаша көзқараспен қарайтын болды.
«Алаш айнасының» түйіні
Ал біздегі жай қалай? Бүгін ертеңгісін «бұл ленталарға құзіретті органдар шектеу қойды» деген сүйінші ақпараттар тарап еді. Түстен кейін ресми ақпарат көздері бұл деректерді жоққа шығарды. Сонда не? Бұл Патшалық Ресей дәуіріндегі лентаға шектеу қоюдың өзі қиынға айналып отырғанының белгісі ме? Сіз не дейсіз?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста