Жаңа медиа және дәстүрлі БАҚ: қайсысы күшті?

Жаңа медиа және дәстүрлі БАҚ: қайсысы күшті?

Осыдан біраз бұрын бірқатар қазақ тілді республикалық басылымдар баспа өнімін тоқтатып, интернет ресурстарға көшкен еді. Сонда қолына қалам ұстаған қауым бұл жағдаятты сан саққа жорыған. Біреулері «Жаңа медиа дәстүрлі БАҚ- тың орнын басады» десе, екіншісі, «Екеуі бір-бірімен бәсекелесіп дамиды» дескен. Күні кеше, облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен «Интернет медиа-технологияны меңгеру тәсілдері» атты семинарда осы тақырып төңірегінде кеңінен сөз болды. 

Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали жүргізді. Ол бұл семинар БАҚ өкілдерінің кәсіби деңгейін шыңдап, заман талабына сай жедел ақпарат алу мүмкіндіктерін ашатындығын айтты. Ал, «Аbai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат пен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы өңірлік басылымдардың басшыларымен «Дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиа» және «Әлеуметтік медиа» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Дәурен ҚУАТ, «Аbai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы:
– Интернет күн сайын дамып, қолданушылар саны артып келеді. Дегенмен, жаңа медианың дәстүрлі медианы алмастыруы қиындау. Өйткені жаңа медиа тек құрал, ақпаратты тез, жылдам жеткізудің тәсілі. Осы тұрғыдан жаңа медиа сұранысқа ие болады. Бірақ дәстүрлі медиа өмір сүре береді. Себебі, ақпараттың негізгі мазмұны өзгерген жоқ. Бар болғаны оны жасау тәсілі жаңарды. Дәстүрлі БАҚ болашақта салалық болып бөліне бастайды. Ал, жаңа медиа салалық басылымдарды алмастыра алады деп ойламаймын. Смартфонмен немесе интернетпен берілген ақпарат сараптаманы қамти алмайды. Сондықтан салалық газеттер немесе аймақтарда жергілікті газеттер әлі де негізгі ақпарат көзі болып қала бермек.
Кеңесте өңірлік басылымдардың электронды сайтының күй-жайы талқыланып, облыс, аудан-қала түгіл кейбір республикалық басылымдардың сайты тек газеттің электронды архивы деңгейінде қалып қойғанына сын айтылды.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, саясаттанушы:
– Дәстүрлі БАҚ бәсекеге қабілетті болуы үшін редакцияның бүгінгі саясатына өзгерістер енгізу керек. Мысалы, газет жеке сайтын ашатын болса, оның өзіндік ішкі редакциялық ұжымы болғаны абзал. Оның біреуі сайт әкімшісі (администратор), екіншісі, маркетинг, жарнама қызметін дамытушы, үшіншісі контентмейкер болады. Сайтты жиі жаңартып, оқырманға қандай ақпарат керектігін сайтты жүргізуші топ қадағалап отыруы керек. Аудитория артқан сайын ол жерде жарнама да көбейеді. Жарнама дегеніміз ол капитал. Оқырманның ақпаратты тұтыну тәсілі өзгерген сайын газет сайты өз жұмыс тәсіліне жаңарту енгізуі заңдылық. Мұнда дәстүрлі БАҚ әлеуметтік желілермен көбірек жұмыс істеуі қажет. Қазір қазақстандықтардың басым бөлігі facebook, twitter, google+, Mail.ru тәрізді әлеуметтік желілерге тіркелген. Редакциялар соларда профайлдарын ашып, оқырманмен кері байланыс орнатып, оларға не қажет екендігін біліп отыруына болады.
Семинар соңында өңірлік басылымдардың бүгінгі тыныс-тіршілігі, ондағы қордаланған мәселелердің шешудің жолдары талқыланды. Берік Құрманғали қазақ журналистикасының дамуына өңірде жүріп өлшеусіз үлес қосып келе жатқан журналистер қауымына алғыс айтып, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста