Саяси сахна

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

  • Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

    Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

Жезқазған қаласының әкімі болып бұған дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып қызмет еткен Қайрат Бегімов тағайындалды. Қаланың жаңа басшысын активке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша менің жарлығыммен және қалалық мәслихаттың келісімімен Бегімов Қайрат Баяндыұлы Жезқазған қаласының әкімі болып сайланды. Қайрат Баяндыұлының еңбек жолы негізінен коммуналдық сала және құрылыспен байланысты болды. Сол себепті Жезқазған қаласының әкімі қызметіне үміткерлерді қараған кезде біз қаланың негізгі мәселелері тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығымен байланысты екенін ескердік", - деді Ерлан Қошанов.Жезқазғанның бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртіптеріне сай, жаңа қала жетекшісінің кандиратурасы кезектен тыс сессияда жергілікті мәслихат депутаттарына ұсынылды. Депутаттар бір ауыздан үміткер Қайрат Бегімовты қолдады.


Қайрат Бегімов 1968 жылдың 23 ақпанында Қарағандыда туған. Екі жоғарғы білімі бар. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтты бітірген, 2004 жылы Алматының экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша "Өнеркәсіп көлігінің инженері", "Қызметкерлерді басқарушы, экономист". 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

жұма, 22.06.2018, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30