Саяси сахна

Қаланың жаңа мәртебесіне байланысты шымкенттік шенеуніктердің жалақысы көтерілмекші

  • Қаланың жаңа мәртебесіне байланысты шымкенттік шенеуніктердің жалақысы көтерілмекші

    Қаланың жаңа мәртебесіне байланысты шымкенттік шенеуніктердің жалақысы көтерілмекші

 Шымкент тұрғындарының саны миллионға жетіп, мегаполистің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына байланысты шымкенттік шенеуніктердің жалақысы көтерілмекші.


Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мемлекеттік қызметшілерді бір отбасы ретінде жұмыс істеуге шақырып, өз әріптестерін және қол астындағы қызметкерлерді бүгінгі кәсіби мерекемен – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.


«Жаңа мәртебе тек зор мүмкіндіктер ғана емес, ең алдымен – барлық азаматтардың иығына жүктелген үлкен жауапкершілік. Шымкентті тек біз ғана жаңа деңгейге көтере аламыз. Біздің міндетіміз – Шымкент қаласын Алматы мен Астананың деңгейіне жеткізу. Біз бәріміз бір отбасы ретінде жұмыс істейтін болсақ, алдымызға қойған мақсаттарға міндетті түрде жететінімізге сенімдімін», – деп атап өтті мегаполис басшысы.


Ол сондай-ақ, қаланың жаңа мәртебесіне байланысты әкімдік қызметкерлерінің жалақысының көтерілетінін айта кетті.


“Қаламыздың жаңа мәртебеге ие болуына байланысты әкімдік қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл жаңалық сіздердің отбасыларыңызға ұнайды деп ойлаймын. Басқарма құрылғаннан кейін біз конкурс жариялаймыз. Белгілі бір лауазымға орналасу үшін барлық жарыстарға қатысыңыздар. Біз жұмысқа мықтылардың ең мықтысын алуға дайынбыз », – деді Ғабидолла Әбдірахымов.


Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкент басшысы барлық қызметкерлерге кәсіби мерекеге орай сыйақы төлеу туралы бұйрыққа қол қойды.


Ол қаланың жағдайы жақсы болу үшін, бар күш-жігерін жұмсауға уәде беріп, әріптестері мен қол астындағы қызметкерлерді өзінің үлгісін ұстануға шақырды.


«Мен сіздерге сенемін және адал қызмет етуге уәде беремін. Біздің қолымыздан бәрі келеді!»,- деп қорытындылады Шымкент әкімі.




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.06.2018, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30