Саяси сахна

Қаржы министрі бюджет ақшасын игермеген шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды сұрады

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Бюджет қаржысын игермеген орталық мемлекеттік органдар, министрдің орынбасарлары және комитет төрағалары деңгейіндегі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылсын. Үкіметтің биылғы алғашқы отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осындай ұсыныс енгізді.


Өйткені иегірілмей қалатын қаржы жыл сайын өзекті мәселе болып отырғаны белгілі.


Дегенмен 2017 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 пайызға орындалғанын жеткізді министр. Мұны ол рекордық көрсеткіш деп атады.


Ал игерілмеген сома 21 млрд теңге шамасында немесе жалпы шығыстардың көлемінен 0,2 пайыз.


Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:


- 2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Үкіметтің отырысында бюджет қаражатын игеруде белгілі бір тәуекелдер айтылған болатын. Алдымызда Парламентте жылдық есеп нәтижелерін талқылау тұр. Онда міндетті түрде жауапкершілік туралы сұрақ туындайтын болады.


Үкімет «төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. Бақытжан Сағынтаев 10 бағытты айқындап, жауапты министрліктерге тиісті шаруаларды жік-жігімен жүктеп берді.


Мәселен, ақпарат және коммуникациялар министрлігіне маңызды құжатты халыққа түсіндіру үшін медиа-жоспар жасауды тапсырды.


Энергетика министрлігіне баламалы қуат көздерін дамытуға инвестиция тарту үшін жағдай жасау тапсырылды.


Бір ай ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы утильдеу және қайта өңдеу бойынша жол картасы дайындалуы керек. Ұлттық экономика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорының акцияларын IPO-ға сәтті шығару бойынша тапсырмалар міндеттелді.


Ал білім және ғылым министрлігіне мұғалімдердің жалақысын 30% көтеру міндеті жүктелді.


astanatv.kz


 




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31