ҚарЛАГ-та үш рет отырып, екі рет қашқан ҚАЗАҚ

ҚарЛАГ-та үш рет отырып, екі рет қашқан ҚАЗАҚ

Арқа өңірінің Көкшетеңізіне қараған Қарасу, Жылымсу жерінде Бұқардың барша оқуын тауысқан Әйменбет Әжібайұлы атты қазақ өткен. Сол кісіні жалпақ жұрт есімін жұқартып, Әйекелеп отырады.

Ол кісінің кім екендігі сұралмайды. Өйткені бәрі біледі. Өзінің ақыл-парасатымен жанына жақсыларды жиып, бір атаның, бiр елдің сөзін ұстаған адам. Қарасу бойында мешіт салдырып, елді имандылық жолына салуда көп еңбек сіңірген. Сол кезде есімдері дүрілдеп тұрған ауыл молдалары Ақбар Әйменбетұлы, Қапан Әбілдаұлы, Асқар Әйменбетұлы, Ілияс Әйменбетұлы, Рақымбек Мәжібайұлы (кейін өзі дәріс берген), Баймырза Мәңдібайұлы, Омарбай Мұстапаұлы, Смайыл Мұстапаұлы, Әшей Ыбырайұлы және басқалары осы медресенің талабалары болыпты.

Солардың біразы кесек тұлғалар болып, кеңестік қызыл саясаттың сойылын соқты, біразы сол саясаттың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшырады.
Әйменбет баласы Ақбар сондай тұлға болатын.

Ақбар Әйменбетұлы Қарқаралы уезі Ақшатау болыстығының оныншы ауылында 1884 жылы дүниеге келген. Әкесінің дәулеті арқасында мұсылманша білім алып, ерте жетіледі. Астынан ат кетпей, ел ісіне араласады. Алған тәліміне қарай елді имандылық жолында жүреді. Ел ішінде діни әдебиеттер таратады. Барын жиып тастап, мүсілім молда болады. Кешегі талабаның мұндай тірлігі кепеулерге ұнай қоймайды.

Ашаршылық жылдарында ашыққан елді құтқарып қалуға барын салады. Осы өңірдегі қазақтарды отырған орындарынан қозғалмауға шақырады. Алыс жатқан ағайындарды жандарына топтастыруға ұмтылады. Өйткені оларды балығымен, егінімен асырап отырған Қарасулары бар еді.
Шатақтың бәрі осы жерден басталады.

– Тығып отырған астығың бар екен, шығар, – деп кепеулер әңгір таяқ ойнатады.
– Халық үстінен күн көрген арамтамақ, – деп және біз тілдерін сұғады.
– Бетіңнен май тамып тұр ғой, – деп және тиіседі.
– Бәрі бір Құдайдан, – деп құтылып кетеді Ақбар атамыз.

Совет өкіметінен көрмей, Құдайдан көргені жағады кепеулерге.
Сонымен кепеулер Ақбар молданы отырғызады. №3858 іс қозғайды...

Біріншісінде осы астық үшін, анығырағы астық тыққаны үшін отырады. Біздің сұрау салуымызбен Қарағанды облыстық ІІД ақпараттық-талдау орталығының берген мұрағаттық анықтамалығында мынадай жолдар бар: «...сауатты, әлеуметтік жағдайы бойынша бай, екі рет сотталған: біріншісінде астық дайындау тапсырмасын орындамағаны үшін».

Қырдағы қазаққа осы астық салығы қасірет болып тиген. Қарасудың топырағы құнарлы еді. Астық жететін. Алайда, әр он пұттың екеуін салық деп тартып алатын. Сонда қалған астық қайда кетті? Ешқайда. Егін екпейтін ағайынға үлестірілді. Өйткені ел жаяу қалуға айналған. Отыз қадақ бидай үшін құлынды биелер кетіп жатты. Ел осылайша бір-біріне қатынаудан қалған. Оның үстіне ел төрт түлік өсіргеннің орнына ит пен мысық асырап шәт-шәлекей болсын. Әр түтінге екі-үштен ит пен мысық терісі салығы түскен.
Ақбар молданы кешегі шалдар Қарасуды теріс ағызған молда деп отыратын. Сонысы рас болса керек. Мұрағаттық құжаттарда да «...діни қайраткер» деп көрсетіліпті.

Мұны неге айтып отырмыз? Ол адам тұрсын, аспанында шыбын да ұшпайтын түрмеден, ҚарЛАГ-тан қашып шығады. Күзеттің көзін байлап. Оқумен.
ҚарЛАГ аяғынан тік көтеріледі. Әрі іздеп, бері іздеп таппайды.
Бұған дейін ҚарЛАГ-тан қашқан жан болмапты.

Қашуға ұмтылыс жасағандарды сол бетінде басатын болған ғой. ҚарЛАГ-тан тұтқын қашты деген бетке шіркеу. Оның үстіне қашқын қазақ болар ма? Амал жоқ, іздестіруді тоқтатады.

Не үшін қашты? Әрине, ағайындарын құтқару үшін. Елге өзі келеді. Ешқандай айдауылсыз. Ел пәле-жаладан құтылып келген ғой деп ойлайды. Үйінде шымылдық құрып алып, күндіз-түні құран оқиды. Ешкім қатыспайды.
Алайда, кепеулер бәрін бағып отырған еді. ҚарЛАГ-тан «жаман қазақтың» қашып кеткені оларды ызаландырады, намыстарына тиеді. Ашық ақпарат берсе, өздерінің бастары кететіндіктен күтеді. Оның да реті келеді.

Кепеулер оны орнынан басады. Аудан орталығына әкеліп, жауаптың астына алады. Бұл тұс – Шеттегі кепеулердің атағы жер жарып тұрған тұсы. Осы өңірден жапон тыңшысын да, қытай тыңшысын да ұстаған кепеулер оған да статья табады.

Сол талдау орталығының берген анықтамалығында былай делінген: «...екіншісінде мал ұрлығымен шұғылданған банды ұйымдастырғаны үшін 10 жыл мерзімге сотталды».

Мұндай статьяның бары рас. Алайда, қылмыс қалай жамалып отыр?! Қарасудың бидайының арқасында ауыл малын сақтап қалған еді. Кепеулер «ұрламаса, мал қайдан келді» деп статьяны қояды да жіберді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы» ММ берген мұрағаттық құжатта Айменбетов тек есімі Аймағанбетов деп жазылыпты. Одан әрменгі ақпаратта: «Шет аудандық сотының 1933 жылғы 7 қазан күнгі шешімімен өтеу мерзімі 1933 жылғы 5 қазаннан 1943 жылғы 5 қазанға дейін деп белгіленіп, он жыл мерзімге кесіледі» деп жазылған.

Сонымен Ақбар Аймағанбетов он жылға кесіліп кете барады.1933 жылғы қыркүйектің ортасында Қарағанды еңбекпен түзеу лагеріне айдалады.
Бұл кәдімгі ҚарЛАГ болатын.

Қыркүйектің жиырмасынан бастап осында отырады. Кепеулер оған мұнда да күн көрсетпейді. Ең қиын жұмыстарға салады. «Жаныңдағыларды тауып бер» деп жанын күндіз-түні қинайды. Соның біріне мойымайды.
Келер жылдың бесінші желтоқсанында патшаға мәдет тілеп дұға оқиды. Келер күндері де дұға оқиды.

Бір күні оның жатқан орнында түрмеқап жатады. Бұл 1934 жылдың 7 желтоқсаны болатын.
Есікті бұзбаған. Терезе де аман-сау. Төбе де тесіктен аман.
Сонда қақаған қыс ішінде тыр-жалаңаш тұтқын қайда барып сіңеді?
Қалай қашты, соңғы тағдыры не болды? Мәлімсіз.

Ауылдың жер тартқан абыздары:
– Түрмедегілердің көзін байлаған екен ғой... – деп күрсінер еді.
Үштіктің айыптау қорытындысында Ақбардың 1934 жылдан контрреволюциялық, ұлттық ұйымда болғаны айтылады. Басқадай дерек таппадық. Елге келмегені анық. Анығы түскей жақта болса керек.
ҚарЛАГ-тан екі рет қашқан қазақты ұстау кепеуліктерге оңай болмаса керек. Тек мұрағат деректерінде 1937 жылы қайтып түрмеге тоғытылғаны айтылады. Сол жылдың қоңыр күзінде үштіктің үкімімен ату жазасына кесіледі. Үкім 1937 жылғы 3 желтоқсанда орындалады.

Үшінші рет қашуға мүмкіндік бермейді.
Содан бері сексен жыл өтіпті.

Ақбар бабамыздың ұрпақтары әлі іздеу салуларын жалғастырып келеді. Бабаларының сүйегінің қайда қалғаны белгісіз. Бүгінде сол істің басында Жәкенұлы Мұрат немересі жүр.

– Көкке ұшса өзі біледі... – дейді Мұраты.
Мен оның осынау сөзіне қарап, Ақбар бабамыз туралы дерек табатынына сенемін.
Табылмаса... Несі бар? Көкке ұшса ұшқан шығар...

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста