Саяси сахна

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасының Жол картасына енгізілетін міндеттемелер белгілі болды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасының Жол картасына нақты қандай міндеттемелердің енгізілетіні бүгін белгілі болды. Дәлірек айтқанда, құжатта 50-ге тарта өзгеріс жасалады.


Оның 16-сы оперативті сипатта, ал бесеуі – қысқа мерзімді.


Сонымен қатар жүйелі жүргізілетін 29 іс-шара бар.


Екі ел арасындағы қордаланған мәселелер шекарадағы кедендік рәсімдерді реттеуден басталады. Жол картасы шеңберінде тараптар кедендік салыққа байланысты ақпарат алмасады.


Сондай-ақ белгіленген өткізу бекеттерінде бірлесе бақылау жүргізу де келісілді. Ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жұмыстары Еуразиялық экономикалық одақ талаптары шеңберінде іске асады. Яғни Одаққа өнімдерін шығаруға рұқсаты жоқ кәсіпорындармен күрес күшейеді.


Қырғыз тарапы санитарлық сертификаттарға қатысты мәселелер төңірегінде біраз тер төгуі тиіс. Зертханалардың материалдық-техникалық базасын реттеп, фитосанитарлық жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруы керек. Бұл бағытта Қазақстан тәжірибе алмасуға дайын.


Нұрлан Құлбатыров, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары:


- Қырғызстан тарапы ендігі кезекте дұрыс ақпаратты беру, кедендік және салықтық декларацияланатын тауарлар құны туралы, көптеген фискалды саясатқа қатысты сауда статистикасын толық қамтамасыз ету керек болады. Ол бір. Екіншіден осы елдегі фитосанитарлық және ветеринарлық сертификаттарға, құжаттарға байланысты толық ашықтықты қамтамасыз етеді. Яғни бақылауға және тағы да басқа көрсетілген іс-шараларға қатысты. Бұл жерде қырғыз тарапына көбіне міндеттейміз. Сонымен қатар Қазақстан өзіне де қосымша міндеттемелер алып, ашықтық саясатын жүргізеді.


24.kz


 




Көрілген: 913    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 17:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30