Саяси сахна

Қазақстан Қырғызстаннан 100 миллион доллар көмектен бас тартқаны туралы хат алды

  • © esquire.kz

    © esquire.kz

Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күштерін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде Қазақстан тарапына ресми хабарлады", - делінген түсіндірмеде.


Сондай-ақ, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шеңберінде Қазақстан тарапы Қырғыз үкіметіне өздері алған міндеттемелерді орындауға қажетті техникалық жәрдемді көрсетуге үнемі дайын болғаны айтылады.


"Қол қойылған құжаттар уақытылы ратификациядан өтті және бұл жәрдемнің бірінші траншын ағымдағы жылғы қараша айында жіберу жоспарланған еді. Аталған қаражатты бұдан ерте мерзімде бөлуге болар еді, алайда қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі созылып кеткенін атап өткен жөн", - дейді СІМ өкілдері.

 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.10.2017, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31