Саяси сахна

Қазақстан мен Қытай арасында салынатын бөгетке қанша ақша жұмсалады?

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде "Шүкірбұлақ (Алмалы)" бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.


"Құрылысқа қос тарап тең қаржы бөлетін болады. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 11,7 миллиард теңге. Бұған қажетті қаржы 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған… Биыл бізге 3,8 миллиард теңге бөлінді. Құрылыс мерзімі – 3 жыл", —деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәжілістің жалпы отырысында.


Министрдің айтуынша, бөгет құрылысын бақылау үшін Қазақстан-Қытай комитеті құрылады.


"Бөгеттің жобасы жасалды, сараптамадан өтті. Қазір ол Қытай еліне берілді. Жобаны әзірлеуге екі елдің мамандары толықтай қатысты", — деді ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.


 


 




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 16:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30