Саяси сахна

Қазақстан мен Қытай салық саясатын талқылауға кірісті

  • © kisi.kz

    © kisi.kz

Астанада «Әріптестік: кеден, салық пен бизнес» тақырыбында xалықаралық форум басталды. Негізгі мақсат - «Бір жол - бір белдеу» бастамасы аясында салық саясатын бір жүйеге келтіру, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Форумның пленарлық мәжілісін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев ашты. Оның айтуынша, Қытайдың «Бір жол - бір белдеу» бастамасын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен шебер үндестірудің нәтижесінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеруге болады. Біраз жобаларды іске асырып, жүк айналымын арттыруға мүмкіндік бар.


«Биыл Қазақстанның жаңа Кеден кодексі заңды күшіне енді. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі қабылданды. Аталған құжаттарда салық пен кеден саласындағы бұған дейінгі барлық тәжірибеміз ескерілді. Бәріңіз жақсы білесіздер, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға «Бір жол - бір белдеу» бастамасын жариялаған болатын. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын қолға алды. Аталған бағдарлама еліміздің инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Бізде мұxитқа шығатын жол жоқ. Сол себепті өзіміздің транизиттік әлеуетімізді барынша пайдалануымыз қажет. Алдағы уақытта көлік пен логистиканы дамыту жобаларына қыруар қаржы бөлінеді. Демек, өзара сауда-саттық пен транзиттің көлемі артады. Осыған байланысты қазірден бастап салық пен кеден саласындағы мәселелерді пысықтап алғанымыз жөн», - деп атап көрсетті Е.Досаев.


Айта кетейік, Астанадағы форумға Бүкіләлемдік кеден ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қытайдың мемлекеттік салық салу басқармасы, Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ осы саланың сарапшылары қатысуда.


Үш күндік мәжіліс кезінде трансшекаралық сауда мен инвестициялар мәселесі, салық саласындағы заңнаманы дұрыс пайдаланбау және одан туындайтын проблемалар, салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету, олардың құқықтарын қорғау, осы саладағы делдалдық қызмет және басқа да өзекті мәселелер талқыланады.


 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31