Саяси сахна

Қазақстан Сириядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

  • Қайрат Омаров. © twitter.com/UnitedNationsRU

    Қайрат Омаров. © twitter.com/UnitedNationsRU

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Сириядағы жағдайға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Біз Думадағы химшабуылдарға қатысты жағдай бойынша БҰҰ ҚК мүшелері арасындағы бірліктің жоқтығына алаңдаушылық танытамыз. Қазақстан химқаруды қолдануды айыптайды және зерттеу жүргізу қажет деп есептейді", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар, Омаров Сириядағы жағдайды саяси реттеу жолдарын іздестіру бойынша Астана және Женева процестерінің міндеттерін одан әрі қолдау керек екенін мәлімдеді.


Еске сала кетейік, 14 сәуірде таңертең АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері сириялық үкіметтік нысандарды зымырандармен атқылады, олардың ойынша, сол нысандар химиялық қаруды өндіру үшін пайдаланылады. Сирияға жүзден аса зымыран тасталды.

 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.04.2018, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30