Саяси сахна

Қазақстан Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуінен кейін мәлімдеме жасады

  • © AFP 2018 / SAUL LOEB

    © AFP 2018 / SAUL LOEB

Қазақстан 12 маусымда Сингапур қаласында өткен саммиттің қорытындысын қолдайды.


"Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамп және Корей Халық Демократиялық республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ынның 2018 жылдың 12 маусымында Сингапур қаласында өткен кездесуін қолдайды және мемлекеттердің екіжақты қатынастарды реттеу бойынша күштерін жоғары бағалайды", — деп жазылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.


Қазақстан аталған саммитті Вашингтон мен Пхеньян арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ КХДР мен халықаралық қоғамдастық арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін маңызды тарихи оқиға ретінде қарастырады.


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі және ядролық қарудан азат әлемді құруды қолдайтын мемлекет ретінде Қазақстан мүдделі мемлекеттердің келіссөз процесін жалғастыру жөніндегі күштерін қолдайды және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы бойынша нақты өзара тиімді және қолайлы жағдайлар жасалады деп үміттенеді.


Бұл тұрғыда Астана Пхеньянның ядролық қаруды жоюға деген ұмтылысын жоғары бағалайды және әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, ең ірі ядролық сынақ орындарының бірін жапқан, сондай-ақ жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстанның жолын таңдауға шақырады.


Қазақстан Солтүстік Корея дағдарысы тек бейбіт түрде реттелетініне сенім білдіріп, барлық мүдделі тарапты Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөздер процесін қолдауға шақырады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31