Саяси сахна

Қазақстанда Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтіп жатыр

  • Қазақстанда Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтіп жатыр

    Қазақстанда Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтіп жатыр

Жамбыл облысындағы (Оңтүстік Қазақстан) "Отар" әскери базасының полигонында 7 мамыр тойланатын Отан қорғаушы күніне арналған Әскери шеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты қатысады. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, қарулы күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.



Полигонда барлық облыстың және Астана мен Алматының әкімі бар. Сценарий бойынша, парад екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде әкімдерге аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туы табыс етіледі. Ту табыс етілген соң, дәстүр бойынша, қонақтар мен көрермендер алдында салтанатты маршпен 19 жаяу шеру тобы жүріп өтеді, олардың қатарында ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, сонымен қатар, аумақтық әскер қызметкерлері бар.


Екінші бөлімде қару-жарақтар мен әскери техникалардың қатысуымен барлау-әскери бөлімшелері шынайы тактикалық әрекеттерді көрсетеді. Әскери шерудің соңында "Жетісу" ұшқыштық тобы ең жоғары пилотаж фигураларын орындайды.



 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 09:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31