Саяси сахна

Қазақстанда шенеуніктер миллиондаған адамды ХҚКО-ға бекерге жұмсап келген

  • Қазақстанда шенеуніктер миллиондаған адамды ХҚКО-ға бекерге жұмсап келген

    Қазақстанда шенеуніктер миллиондаған адамды ХҚКО-ға бекерге жұмсап келген

Енді мемлекеттік органдар азаматтардан өздері сұрайтындықтан, сотталмағаны туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігі туындамайды дейді Stan.kz.


Бас прокуратураның арнайы есеп және құқықтық статистика комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің сөзінше, бүгінгі күннен бастап азаматтар сотталмағаны туралы анықтаманы жаңа форматта ала алады. Негізінде еңбек заңдылығы бойынша азаматтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы жұмысқа қабылдау кезінде оған шектеу бола алмайды. Егер адам жазасын өтеген болса, онда оған ешкім қайтадан айып тағуға құқылы емес.


“Ол жазасын өтеген. Еңбек нарығындағы шектеулер бар, бұл бала тәрбиесі, білім саласы және құқық қорғау органдарына қатысты. Басқа салаларда жұмысқа қабылдау кезінде оның сотталғаны еш шектеу болмайды. Сол себепті формат өзгертілді. Адамдарды анда-мында сандалтудың қажеттілігі жоқ. Қазіргі таңда 4,5 миллиондай адам сол анықтама үшін ХҚКО-ға барған. Егер адам жазасын өтеген болса, онда ол ақпарат анықтамаға жазылмайды”, – деді Мусин.


Бүгінгі күнге дейін сотталмағаны туралы анықтамда азаматтың барлық қылмыстық жауапкершіліктері көрсетілетін, енді бұл құжат жазаның өтелгендігі негізінде жаңа сипат алмақ.


“Барлық жұмыс берушілер сол анықтаманы талап етіп жатады. Сосын адамдар анықтама алу үшін сабылады. Ал заң бойынша олай талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Бұл тек қосымша ақпарат ғана. Тек олар адамның өзінен сұраса жетіп жатыр”, – деді ол.




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.04.2017, 14:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30