Саяси сахна

Қазақстанда Түркістан облысы пайда болды

  • Қазақстанда Түркістан облысы пайда болды

    Қазақстанда Түркістан облысы пайда болды

 Түркістан қаласы Түркістан облысының (Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) орталығы болып бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Бүгін, 19 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" заңға қол қойды.


"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылсын.


2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілсін.


3. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталсын.


4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:


1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп: бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекітсін; 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын;


2) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрсын.


5. Орталық мемлекеттік органдар және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті мемлекеттік органдары тиісті жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.


6. Түркістан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері Түркістан қаласына көшкенге дейін Шымкент қаласында орналасады деп белгіленсін.


7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.


8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған қаулыда.


 




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 19:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30