Алаш баласы, айнаңа қара!

дүйсенбі, 05.12.2016



Саяси сахна

Қазақстанды Ресейдің губерниясы көретіндерді неге жазаға тартпаймыз?!

  • Қазақстанды Ресейдің губерниясы көретіндерді неге жазаға тартпаймыз?!

    Қазақстанды Ресейдің губерниясы көретіндерді неге жазаға тартпаймыз?!

Қазақстаннның тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты – Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Еліміздің Ұлттық қауiпсiздiгі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» ҚР Заңымен қорғалған. Аталмыш заңда «мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi» деп жазылған.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» заңының 5-бабының 2) –тармағына сәйкес, «конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатер болып табылады.

Алайда, Ресей мен Украина арасындағы жағдайдан кейін Ұлттық қауiпсiздiк туралы заңды белшесінен басып, Қазақстанның Ресейге қосылуын әлеуметтік желілер арқылы ашақтан-ашық насихаттаушылар пайда болды.

Ермек Тайчибеков атты азамат өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында Жамбыл облысында тұратын, Қазақстанның Ресейге қосылғанын қалаймын дейтін азаматтарды тауып, бейнетаспаға түсіріп, оны әлеуметтік желіде- youtube.com сайты арқылы жариялаған. Сол арқылы «бүкіл жамбылдықтар Қазақстанның Ресейге қосылуын қалайды» деп көрсеткісі келген болса керек. Бейнежазбада «Ресейге қосылу арманым», «Қазақстан Ресейдің губерниясы болғанын қалаймын» деген сөздерді азаматтардың ауызына салып бергені байқалады. Тіпті, қасына екі баласын ерте шыққан бір азамат ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата «қарапайым адамдарға егемендіктің қажеті қанша, шекараны алып таста» деп соғады.

Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше бейнежазбаны назарларыңызға ұсынып отырмыз.





Yermek Taychibekoff – youtube.com жеке парақшасы (видео)


«Ар-намысыма тіл тигізді» деп журналистерді сотқа беретін ақ жағалылар мен құқық қорғау органдары ұлттық қауіпсіздігімізге, егемендігімізге, тұтастығымызға қауіп төніп жатқанда қайда қарап отыр? Шамасы оларға ұлттық қауіпсіздіктен, елдің егеменділігінен гөрі өзінің абырой беделі артық-ау шамасы?!

Естеріңізге сала кетсек Алматыда бір топ «намысшылдар» «Гитлердің суретін журнал мұқабасына басып шығарып, ар-намысымызға нұқсан келтірді» деп «Аңыз адам» журналын сотқа берген еді. Сондай-ақ, Қарағанды қалалық маслихатының жұмысын сынағаны үшін халық қалаулылары жергілікті «Взгляд на события» газетін сотқа берген болатын. Ал ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіріп жүргендерге келгенде, бәрі аузына құм құйғандай болып отырғаны түсініксіз. Ал құқық қорғау органдарының үнсіздігіне не айтарыңды білмейсің. Жоқ әлде істі құпия түрде жүргізіп жатыр ма екен?

БАҚ туралы заңға жалған ақпарат, қауесет тарату арқылы мемлекеттің тұрақтылығына, тұлғалардың жеке басына зиян келтіргені үшін қылмыстық жаза қарастыруды енгізгендер өз абырой-беделін, қара басының қамын ойлаған-ау шамасы.

Ресейге қосылуды насихаттаушылардың көксегені не? Жоқ әлде олар әлдебір күштердің қаржысына қоғамдық ұйым құрып, солардың сойылын соғып жүргендер ме? Олардың әрекеті – отанға жасалған қиянат. Егер олай болса, олардың іс-әрекеттеріне шұғыл түрде тосқауыл қойылып, елін ақшаға сатқаны үшін оларға ең ауыр жаза қолданылуы тиіс.




Көрілген: 1009    Пікірлер: 5
Пікірлерді оқу (5) preloader

дүйсенбі, 14.07.2014, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 13:59
    «Ашық үкімет»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2016
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31