Саяси сахна

Ким Чен Ын мен Трамп оңаша әңгімелесті

  • © 24.kz

    © 24.kz

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасындағы кездесу ақыры өтті.


Екі ел басшысы Сингапурдағы Капелла қонақ үйіне келген бетте бір-біріне сәлем беріп, қол алысып, суретке түсті. Сосын келіссөз өткізуге арналған бөлмеге беттеді.


Сол сәтте есік жабылып, қос президент жеке сөйлесті. Әрине, екі тілмаш қатысқаны анық.


48 минутқа созылған әңгіменің егжей-тегжей енді белгіле болатын шығар.


Басқосудан кейін қос мемлекеттің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.


АҚШ жағынан мемелекеттік хатшы Майк Помпео, Президенттің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон, Ақ үй әкімшілігінің басшысы Джон Келли қатысса, Солтүстік Корея тарапынан Сыртқы істер министрі Ли Ён Хо бастаған делегация енді.


Жалпы бұған дейін айтылғандай бүгінгі кездесулерде тараптар екіжақты қарым-қатынас, Корей түбегін ядролық қарудан азат аймақ ету мен онда бейбітшілік орнату мәселесін талқылауы тиіс.


Дональд Трамп, АҚШ Президенті:


- Мен өзімде жақсы сезініп тұрмын. Кездесу жоғары деңгейде өтетініне сенемін. Келіссөз нәтижелі болып, қарым-қатынасымыз жақсаратынына күмәнім жоқ.


Ким Чен Ын, Солтүстік Корея басшысы:


- Біз осы саммит өтуі үшін көп шаруа атқардық. Екі жаққа да кедергі болып келген ескі көзқарасымызды жеңіп міне енді емін-еркін жүздесіп отырмыз.


24.kz


 




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.06.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31