Саяси сахна

ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

  • ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

    ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

Болат Ақшолақов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін, 28 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Министрліктің активіне жаңа тағайындалған вице-министрді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев таныстырды. Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды. 1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған. 2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен. 2012-2014 жылдары - ҚР мұнай және газ вице-министрі. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - "AlmexPetrochemical" ЖШС бас директоры қызметін атқарды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметінде болды.




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.11.2017, 19:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31