Саяси сахна

«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімі аяқталады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Ақордада Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.


Осы аптада «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған конституциялық реформаға қоғамдағы қызығушылықтың деңгейі жоғары болғаны отырыс барысында аталып өтті. Жұмыс тобының атына Парламенттің рөлін, Үкіметтің және жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау қызметін және сот жүйесін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ меншік құқығы мәселелері бойынша үш мыңдай өтініш келіп түсті. Бұл ұсыныстар Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктеріне де, ел заңдары арқылы белгіленген өкілеттіктерге де қатысты. Жұмыс тобының мүшелері келіп түскен барлық ұсыныстарды жинақтап, қорытып, мұқият қарастыру үстінде. Бұл жұмысқа отандық және шетелдік сарапшылар, тиісті мемлекеттік органдар қатысуда. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бүкілхалықтық талқылау қорытындылары бойынша жетілдіріліп, Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.


24.kz


 




Көрілген: 1039    Пікірлер: 20
Пікірлерді оқу (20) preloader

жұма, 24.02.2017, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31