Саяси сахна

ҚР СІМ Қырғызстан президентінің сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды", - делінген мәлімдемеде.


"Қырғызстан Президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз. Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала береді", - делінген қазақстандық тараптың мәлімдемесінде.


Айта кетейік, бүгін бірқатар қырғыз БАҚ-тарында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру рәсімінде Қырғызстанға "қазақстандық билік таңып отырған" жетекшілер жайлы пікір білдіргені жазылған еді.

 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 08.10.2017, 10:35

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30