Саяси сахна

ҚР СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

  • © aysor.am

    © aysor.am

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан-Қытай консультацияларының консулдық мәселелер бойынша кезекті отырысы өткен аптада Бейжіңде өткені айтылады. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарған.



Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай тұрғындарының өзара сапарларының өзекті мәселелері бойынша толыққанды келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады. Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты.


Сонымен қатар, консультациялар барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің халықаралық әуежайларында Қазақстан және Қытай азаматтарының келу/кету және транзитпен өту тәртібі туралы ақпарат алмасты. Визалық саясат саласында туындайтын мәселелердің техникалық сипатын ескере отырып, тараптар екі ел азаматтарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ тұрақты консультацияларды одан әрі жалғастыруға келісті.


 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30