Саяси сахна

Қырғыз сарапшысы: екі президенттің ісіне араласпайық, өздері шешеді

  • © Qamshy.kz

    © Qamshy.kz

Қырғызстан халқы Ассамблеясының төрағасы Токон Мамытов қазақ-қырғыз арасында қалыптасқан қазіргі жағдайға екі елдің шенеуніктері кінәлі деп есептейді. Бұл туралы ол Астана-Бішкек бейнекөпірі барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бірінші кезекте қазіргі қалыптасқан жағдайға сіздердің де, біздің де шенеуніктер кінәлі. Олар бір мезетте мемлекет басшыларының адвокаттары бола қалды. Менің ойымша, бұлай жасауға болмайды. Біздің мемлекет басшыларымыз адвокатқа мұқтаж емес. Оларға мандатты халық берді, сондықтан тек халық қана айта алады", — дейді сарапшы.

Ол екі президенттің ісіне араласпаған жөн деп есептейді.


"Біз мемлекет басшыларының қарым-қатынасын, жабық кездесулерде, екіжақты жабық отырыстарда қандай мәселелерді талқылайтынын білмейміз. Сондықтан шенеуніктер де, журналистер де, қоғам қайраткерлері де, партиялар да екі президенттің ісіне араласпауы керек. Бізсіз-ақ өздері сөйлесіп, өздері шешеді. Тек алға жылжып, тату өмір сүрейік", — деп түйді сөзін Мамытов.


Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін қатты сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды. Қазақстандық тарап контрабандамен күресіп жатқанын мәлімдеді.




 




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31